15 Сәу 2024
2023 - 2024 оқу жылы

Оқушыларға арналған психологиялық тренинг

Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйретету.
Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылуға, өзгелердің қызығушылығымен санасуға және өз - өзіне сенімділгін қалыптастыруға дағдыландыру.
Тренинг барысы:

«Сәлем хат»жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың, бір - бірімен қарым - қатынасын нығайту.

Нұсқау: оқушылар бір - біріне ыстық лебіздерін хат арқылы жеткізеді.

«Шапшаң әрі тез» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық, аңғарымпаздық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қарым - қатынасты дамыту.
Шарты: оқушылар 1,2 ге саналып екі топқа тұрады. Ортаға жапқыш ұсталады. Екі топтан бір,бір оқушы ыммен ортаға шақырылады. Жапқыштың екі жағында бір - біріне арқаларын беріп тұрады. Жүргізуші 1,2,3 деп санаған кезде жапқыш тез төмен түсіріледі. Оқушылар бір - біріне қарап кім екенін яғни есімдерін айтады. Бірінші айтқан оқушы екінші оқушыны өз тобына алады. Ойын осылай жалғаса береді. Тобына көп оқушы жинаған топ жеңімпаз болады.

3. Жаттығу: «Ұжымдық санамақ»

Мақсаты: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету, конструктивті қарым - қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою,қарым - қатынасты реттеу

Шарты: шеңбер бойымен отырады, психолог әр түрлі сандар, мысалы: 3,4,5,6 деп айтады. Сол кезде, үш десе үш адам орынынан тұрады, егер төрт адам тұрса, ол қате болып саналады. Жаттығудың шарты қашан дұрыс жасалғанша жалғасады.

Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды?Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?

4. «Кім шапшаң» ойыны. Ойынға екі қатысушыдан шығады. Орындыққа отырып газетті аяқтарымен жинау керек.

5. «Сиқырлы қорапша»

Мақсаты: өз - өзіне сенімділгін қалыптастыру.

Нұсқау: қорапшада айна жасырылады. Әр қатысушы қорапшаны ашып қарап, өзін көріп сезімімен бөліседі.

Кері байланыс:

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар