Қатысушылар: ЕБҚЕ оқушылары мен ата - аналары
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн , құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар !!!
Мектебімізде 11 қыркүйек Отбасы күніне орай өткелі отырған «Менің отбасым - менің тірегім» атты шарамызға қош келдіңіздер.
Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық - суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Сіздердің құрметтеріңізге Сәндібекова Айару әнін орындайды, қабыл алыңыздар.
Oтбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым - менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей, отбасы күнімен алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Ләззат Хамзақызына беріледі.
Сөз мектеп психологтарына беріледі: Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы.
Құрметті қатысушы қонақтар сіздерді « Қағазды оркестр» тренинг жаттығуына қатысуға шақырамын. Қолдарыңыздағы қағазды әуен ырғағымен билетіңіз.
Ұстазы Раушан және Қайсар мен Жанзираның орындауындағы «Алғыс» әнін қабыл алыңыздар.
Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, бір - бірімізді құрметтеп, күліп, көңілді жүрейік, ендеше бәріңізді кешіміздің соңында көңілді би терапиясына шақырамын.
https://zhurgenov-aitekebi.edu.kz/kz/psikh-l-g/2023-2024-ku-zhyly-3/13256-meni-otbasym-meni-tiregim.html#sigFreeId373bc0a594