19 Қырқ 2022
Страницы "Т.Жүргенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі " КММ

Оқу бөлімі

Т .Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

23.01-27.01.23ж. күндері аралығында өткен «Бастауыш-білім бастауы» атты «Балбұлақ» бастауыш бірлестігінің апталығы аясында жүргізілген іс-шараларға анықтама қаңтар 2023 жылы Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Балбұлақ» бастауыш бірлестігінің апталығы басталды. Осы күні екі ауысым оқушыларына салтанатты жиын болып апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. 

қабат дәлізіне мектепалды даярлық тобының оқушылары «Қыс қызықтары» атты көрме сайысына қатысып өз жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Апталық соңында жұмыстары үздік деп танылған оқушылар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысқан оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

24 қаңтар күні бірінші сынып оқушыларына үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Г.З.Смайлова  «Таяқшалар мен қыстырғыштар» тренингін өткізді.

Мектебіміздің 2-4 класс оқушылары арасында  мектепішілік пәндік кіші олимпиада өтті. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті пәндері, математика, жаратылыстану және дүниетану пәндері бойынша өтті. Әр пән бойынша әр сыныптан 3  оқушыдан, жалпы олимпиадада  85 оқушы  өз бақтарын сынады. Олимпиада нәтижесінде команда бойынша үздік деп танылған 4  «А» класы кубок иеленсе, оқушыларының басым көпшілігі жүлделі орындарға ие болған 2 «А» класс жетекшісі Г.Ш.Оразова, 2 «Ә» класс жетекшісі Г.А.Балмашева,  3 «А» класс жетекшісі Г.Б.Нагишева Алғыс хаттармен марапатталды.

Үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында екінші ауысымдағы 2- класс оқушыларына бастауыш класс мұғалімі Д.Т.Атыгаева «Нейроқасықтармен жұмыс» атты тренингі, 3-класс оқушыларына арнап «Кел, билейік!» тренингін  жүргізді.

25 қаңтар күні 3-4 класс оқушыларынан құралған командалар арасында «Көңілді математика әлемі» атты спорттық-математикалық сайыс өтті. Сайыс барысында оқушылар спорттық қабілеттерін шыңдай отырып есептер мен логикалық тапсырмаларды орындады. Сайыс нәтижесінде оқушылар дипломдармен марапатталды.

2-класс оқушылары арасында «Алып Бәйтерек» атты Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптеу, оқушылардың мәнерлеп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс әділқазы алқаларына арналған «Алып қадамдар» деп аталатын тренингінен бастау алды.  Сайысқа қатысушы оқушылар амандасу рәсімін жасап , реттік нөмірлері бойынша шығармаларды жатқа айтты. Көрермен болып отырған оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі жайлы деректермен бөлісті. Үзіліс арасында көрермендермен қызықты ойындар ойнатылды. Сайысқа қатысушы оқушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом, Алғыс хаттармен марапатталды

26 қаңтар күні директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Досаеваның ұйымдастырумен бастауыш, шағын орталық және мектепалды даярлық тобының ата –аналарына "Жақсы перзент-ата-ана қолындағы аманат" коучинг өткізді. Мақсаты ата –ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, баламен алшақтықтан аулақ болуға шақыру. Баланы әлеуметтік желінің ықпалымен емес, адамгершілік, ұлттық, патриоттық тәрбиенің ықпалымен тәрбиелеу қажеттігін түсіндіру. Коучингке ата - аналар белсене қатысып, өз пікірлерімен шынайы, ашық түрде бөлісті. ХХІ ғасыр ата – анасының моделі қандай болатынын білді. Ақпараттық технологияны, әлеуметтік желілерді заман ағымына сай меңгеру қажеттігін, бірақ ішінен маңыздысын, қажеттісін ғана таңдап, баланы да соған баулу керектігін түсінді. Коучинг барысында «Ғаламтор баласынан қымбат» деген тақырыпта бейнеролик көрсетіліп, «Кімге кім жақын?» деген тақырыпта тренинг ұйымдастырылды.  Ата – аналар жағымды көңіл-күймен тарасып, алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай жұмыстар көбірек ұйымдастырылса жақсы болар еді деп өз ұсыныстарын айтты.

26 қаңтар күні 3-кластар арасында «Тіл-сөздің патшасы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Мақсаты оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана тіліне  құрметпен қарауға баулу. Интеллектуалды ойын барысында оқушылар мақалдың жалғасын тауып, «нысана» ойыны арқылы қызықты сұрақтарға жауап берді. Сөз таптарына байланысты ребустар шешті. Интеллектуалды сайысқа қатысқан оқушылар дипломдармен марапатталды.

26 қаңтар күні үзіліс уақытында 2-класс оқушыларының арасында «Біріккен ұтады»атты тренингі ұйымдастырылды. Мақсаты оқушыларды бірлік пен ептілікке баулу. Тренинг соңында барлық қатысушыларға  тәттілер үлестіріліп,  оқушылар тамаша көңіл күймен тарқасты.

Жоспарға сәйкес «Жұлдызай» шағын орталығының тәрбиешісі А.Ү.Әмидолла «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Бауырсақ» ертегісін сахналады.

27 қаңтар күні апталықтың жабылуы салтанатына концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бастауыш класс оқушылары ән айтып, би билеп, күй тартып өз өнерлерін ортаға салды.

Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

2022 – 2023 оқу жылының ІІ тоқсанындағы білім сапасына

талдау

2022-2023 оқу жылының  ІІ тоқсанын  508 білім алушы  аяқтады. Барлығы  1-11 кластар аралығында 30  класс- комплект бар. Оның ішінде:

1-4 кластарда 191/78, 5-9 кластарда 254/118, 10-11 кластарда 64/40 білім алушы білім алды.

Оқу озаты – 70, оқу екпіндісі – 183.  2-11-кластар аралығында жалпы білім сапасы – 53%.  Бастауыш буын - 58%, негізгі буын - 50%, орта буын - 52%.

255 оқушы орташа оқиды, үлгермейтін оқушылар жоқ, 1 сыныпта 54 оқушы оқиды.

Мектеп бойынша ІІ тоқсандағы білім сапасы-  53%, үлгерімі 100%, І тоқсандағы білім сапасы - 53% болды. Салыстырғанда білім сапасының динамикасы тұрақты.

1 – 4 кластар арасында үйден оқитын екі оқушы бар. Олар: 1 «А» класы Ибрайым Керім,

3 «Ә» класы Братов Жансерік. Екі білім алушы да үйден тегін білім алады.

5 «Б» класында Ибраимов Қуаныш үйден тегін білім алады.

Кластар бойынша білім сапсына келетін болсақ,

Класы

Оқушы саны

Үздіктер

Екпінділер

Білім сапасы

Класс жетекшісі

17

6

4

59%

Оразова Г

19

1

9

57%

Балмашева Г

13

5

4

56%

Атыгаева Д

13

5

5

77%

Нагишева Г

15

3

4

47%

Сапарова Г

14

1

7

57%

Шалжанова А

19

7

6

72%

Кушкимбаева О

18

4

5

50%

Оспанова А

17

2

7

56%

Смаилова Г

20

3

8

55%

Мырзағұл А

19

3

11

74%

Такеева Г

20

4

7

55%

Телгарина М

20

2

9

55%

  Камаладинова А

22

2

8

45%

Ешимбетова А

17

2

5

41%

Аязбаева Н

20

1

6

37%

Тлепбергенова Р

20

1

9

50%

Садуова Б

17

2

9

69%

Абылай Ж

14

-

7

50%

Жақсыбекова Ғ

13

-

2

15%

Уразбекова Ф

19

1

10

58%

Бегимбаева Г

16

 

10

59%

Еспенбетова Г

17

1

4

29%

Құрымбаева Ж

10а

16

8

8

50%

Ермаханова Н

10ә

15

 

5

33%

Мұхамбет Д

11а

16

4

8

75%

Бактыбаева А

11ә

17

2

6

47%

Олжабаева Г

Білім сапасы бойынша 8б класы ең төмен сапа 15% көрсетіп тұр. 3 «Ә», 6 «Ә», 7 «А», 7 «Ә», 10 «Ә», 11 «Ә» кластарының білім сапасы 50 пайыздан төмен. Ең жоғарғы сапа – 3 «А» класы - 77%.

Бір пәннен төрт алған оқушылар саны- 27.

Бір пәннен үш алған оқушылар саны- 49. Олар:

Мектеп бойынша І тоқсандағы жеке пәндерден білім сапасы:

р/с

Пәндер

ІІ тоқсан

1

Бастауыш пәндер

59%

2

Қазақ тілі

70%

3

Орыс тілі мен әдебиеті

71%

4

Ағылшын тілі

72%

5

Математика

65%

7

География

73%

8

Биология

68%

9

Физика

64%

10

Химия

75%

11

Қазақстан тарихы

78%

Пәндер бойынша жалпы білім сапасы орташа деңгейде .

Тоқсандық бағаға шығару кезінде 2022 жылғы 12 мамырдағы 193 бұйрығы басшылыққа алынды. Аптасына 1 сағат болатын пәндерден тек БЖБ жұмыс алынды, тоқсанға баға І жарты жылдықта шығарылады. Қалған пәндерден БЖБ, ТЖБ жұмыстары алынды. Алынған жұмыстар бойынша тоқсандық баға шығарылды,  күнделік кз – ке толтырылды.  Кластар бойынша есептер жасалды.

Ұсыныстар мен қорытындылар:

  1. ІІ тоқсанда оқу сабақтың сапалы өтуі ескерілсін
  2. Бағалау тапсырмалары сапалы жасалсын
  3. Пән мұғалімдері бір пәннен «3», «4» ке шыққан оқушылармен   қосымша жұмыстар жүргізсін.

Оқу ісінің орынбасарлары:

А.А.Кудайбергенова

Г.А.Досаева


Атауы Жүктеу
1 Т. Жүргенов ЖОББМ буйрыктар  PDF
2 Т.Жургенов білімдегі олкылыкты жою 22-23 DOCX
3 Т.Жургенов ЖОББМ ТЖБ кестеси 2-4 класс PDF
4 Т.Жургенов ЖОББМ үйден оку кестеси 2022-2023 PDF
5 Т.Жургенов ОІМ өндірістік жоспар 22-23 DOCX
6 Т.Жургенов сабак кесте 2022-2023 PDF
7 Т.Жургенов аныктамалар PDF
8 Т.Жургенов ЕБҚЕ қолдау бұйрықтары PDF
9 Т.Жургенов ТЖБ 1 т буйрыгы PDF
10 мониторинг 1 токсан DOCX
11 1 токсан талдау DOCX

 

Т.Жургенов ЖОББМ 1 класс 35 минут конырау кестеси

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар