Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің аудандық олимпиадаға қатысушыларына жүргізілген психологиялық қолдау көрсету тренингтерінің
Анықтамасы
Тренингтер мақсаты:
Оқушылардың олимпиадаға психологиялық дайындығын қалыптастыру. Басқа адамдардың алдындағы қорқыныш пен сенімсіздікті, ішкі кедергілерді жеңуге ықпал етіп, оқушылар ортасында жағымды ахуал қалыптастыру: Байқампаздық, шапшаңдық, зейіннің шоғырлану қасиеттерін дамыту. Өзіне жауапкершілік арту қасиетін сезіндіру.
«Поезд» жаттығуы
Нұсқауы: Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-нөмірдегілер қолдарын 1 рет, аяқтарын 2 рет тарсылдатады. 2-нөмірдегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
Тимбилдинг жаттығуы.
Нұсқауы: Оқушылар 2 топқа бөлініп, бірінің-артына бірі тұрады. 2 қорапқа толтырылған шарикті алғашқы оқушы алып, артында тұрған оқушыға бұрылмай қолын артқа созып шарикті келесі оқушының қолына табыстауы қажет.
Нұсқауы: Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 2 қорап шарик беріледі. Ортада жүргізуші жәшікпен кедергілер арасымен жүреді. 2 топтағы оқушылар сол жәшікке шарикті дәл түсіруі керек.
https://zhurgenov-aitekebi.edu.kz/kz/psikh-l-g.html#sigFreeIdc574f342b8
Мектепішілік олимпиадаға қатысатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету тренингтері
Тренингтер мақсаты:
Оқушылардың олимпиадаға психологиялық дайындығын қалыптастыру. Басқа адамдардың алдындағы қорқыныш пен сенімсіздікті, ішкі кедергілерді жеңуге ықпал етіп, оқушылар ортасында жағымды ахуал қалыптастыру: Байқампаздық, шапшаңдық, зейіннің шоғырлану қасиеттерін дамыту. Өзіне жауапкершілік арту қасиетін сезіндіру.
«Салем,салем досым!» жаттығуы
Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады. 1,2 ге саналып жұптасады. Бір біріне
Салем,салем досым!
Қалайсың досым! (құлағын ұстайды)
Қайда болдың (мұрнын ұстайды)
Сағындым
Сен келдің, керемет деп өз сезімдерін білдіреді.
«Сілкіп таста» жаттығуы
Шарты: Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкілеңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайларда арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді- күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз.
-Мен ақылдымын.
-Менің жаным тыныш.
-Мен қиындықтан қорықпаймын.
-Мен жаспын, қандай әдемімін.
-Маған сенімділік күш береді.
«Капитан» жаттығуы
Шарты: Оқушылар «Каптитан» дегенде бөлмеде еркін қозғалып, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. «Еден» дегенде екі оқушы бірігіп еден жуады. «Кеме» үш оқушы бірігеді. Бір оқушы ортада, екі оқушы жанында тұрады. «Асхана» төрт оқушы бірігіп тамақтану керек. «Жиналыс» бес оқушы бірігіп жиналыс өткізеді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын барысында жұбын таба алмаған оқушы шығып отырады.
«Мен ақылдымын» ойыны
Шарты: Оқушылар 1-ден 12-ге дейінгі сандар арасында 3-ке бөлінетін санның орнына «Мен ақылдымын» деп айтуы керек. Шатасқан оқушы ойынан тыс қалып отырады.
«Шеңбер бойымен қол соғу»
Сендермен қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді. Шарты: Шеңбер бойымен тұрған оқушылар кезекпен «Біз өте бақыттымыз, жігерлі және білімді» осы сөзді қайталай отырып, шапалақ соғады. Барлығы қайталап шыққан соң, хормен айтылып, өз-өздеріне қошемет көрсетеді. Бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады!
Т.Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің аудандық олимпиадаға қатысушыларына жүргізілген психологиялық қолдау көрсету тренингтерінің
Анықтамасы
Тақырыбы: «Әңгімелесейік»
Мақсаты: Жасөспірім кезеңдегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпараттарын кеңейту.
Семинар барысы:
1.Тренинг «Қар тілектері»
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Оқушылар ақ параққа тілек жазады. Жазылған парақты жүргізуші жинап алып,қағаздан дайындалған қарды оқушылараға шашады. Қатысушылар қолына түскен қардағы жазылған жақсы, жылы тілектерді көршісіне тілейді.
«Әңгімелесейік» слайд
Мен бүгін сендермен осы тақырыпта ашық сөйлескім келеді, әрі сендердің белсенді қатысқандарыңызды күтемін.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.
Қоғамда “буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады” деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді.
- Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалады.
Бүгін күні барлығы, ересектер де, жастар да - Интернет желісін белсенді пайдаланушылар. Интернетте қудалау орын алып жатқанын, әрі өз арамызда орын алып жатқанын жасыру мүмкін емес. Жауап беріп көрейік. Өздеріңнен сұраңдар:
- Мен кибербуллинг құрбанымын ба?
- Қалжыңды келемежден қалай ажыратуға болады?
Буллинг Интернетте орын алғанда, сендерге барлық жерде, тіпті өз үйлеріңде шабуыл жасалып жатқандай сезім тууы мүмкін. Ешкім құтқара алмайтындай болып көрінуі мүмкін. Оның салдары ұзақ уақытқа созылып, адамға түрлі жолдармен әсер етуі ықтмал:
Балалар, кейде сендер өздерің білместен агрессор немесе кибербуллер болуларың мүмкін. Ол дегеніміз... суреттің астына жағымсыз комментарий қалдыру
- тіл тигізетін хабарламалар жолдау
- адамды мазақтайтын суреттер мен видео жасау;
- тіркеулік жазбаға бұзып кіру және тіркеулік жазбасы бұзылған пайдаланушы атынан хабарламалар жариялау
Балалар, сендер есейіп келесіңдер және қазірден бастап-ақ өз мінез-құлықтарыңды қадағалап, басқарып отыруларың тиіс. Кез-келген зорлық-зомбылық түрінің, соның ішінде, буллинг пен кибербуллинг құрбаны болған адамдар әділ сот жүргізілуіне және құқық бұзушыны жауапқа тартуға құқылы. Сендер әрбір әрекеттерің үшін жауаптысыңдар. Ал сендер жасөспірім болғандықтан, сендер үшін ата-аналарың жауапты, ал аталмыш әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға болады. Ешқашан ұмытпаңдар, әр істің салдары болады.
Сіздерге буллинг және кибербуллинг туралы ақпарат берілді. Кері байланыс ретінде сіздерге Вен диаграммасын ұсынамын. 1 ші буллингке анықтама жазыныздар. 2ші кибербуллингке анықтама жазыңыздар. Ортасына 2 нің ортақ белгілерін жазыңыздар.
Сіздерге алдын ала гугл форма сілтемесі арқылы 5 сұрақ берілген болатын сол сұрақтың қорытындысы бойынша 35 оқушы жауап берді.
1.Буллинг туралы білесің ба?
2.Кибербуллинг туралы білесің ба?
3.Буллинг, кибербуллинг туралы қайдан білдің?
4.Саған мектепте өзге оқушылар қысым көрсете ме?
5.Қандай әлеуметтік желіні көп қолданасың?
https://forms.gle/1i5A9qfsiW32CXxV7
Қорытынды:
Оқушылар, әрқайсысыңа, белсенді атсалысқандарыңа, пікірлерің мен жауаптарыңа алғысымды айтқым келеді. Бүгін берілген бар ақпарат сендер үшін пайдалы болады деп үміттенемін.
Мектеп психологтары: Б.А.Дабылова, Г.К.Туребекова
https://zhurgenov-aitekebi.edu.kz/kz/psikh-l-g.html#sigFreeId95870fcf57
Темірбек Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің психологиялық қызметі бойынша оқушылармен жүргізілген жұмыстың
А Н Ы Қ Т А М А С Ы
Тақырыбы: «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман, алға бас қадам»
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
Қатысушылар: жас мамандар
Түрі: тренинг
Жүру барысы:
- Амандасу
- Танысу «Өрмекші торы» жаттығуы
- Суретті жалғастыр
- «Мұғалім болу ...» жаттығуы (ситуациялық сұрақтар)
- «Кедергіден өту» ойын-жаттығуы
- «Өзіңді білгің келсе ...» жаттығуы
- «Лабиринт» кері байланыс, қорытындылау
Барысы:
Құрметті жас мамандар, әріптестер, бүгін сіздермен ұйымдастырылып отырған психологиялық тренингке ұйымшылдықпен қатысуларыңызды сұраймыз.
Дүниеде мұғалімдіктен асқан мамандық жоқ. Бұл өте қиын және күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімді балалардың бойына сіңіре білуімен көзге түсіп ерекшеленеді. Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келуде. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезі бар мұғалім жоғары бағаланады.
«Танысу» жаттығуы. «Өрмекші торы» ұжыммен еркін қарым - қатынас жасау мақсатында жүргізіледі. Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Топта бір - біріне әр кім 1 - ші Әр бір тренинг қатысушылары өз есімдерін айтады және қойылу тарихын баяндайды. 2 - ші кері бағытта, бірақ сол ізбен өзінің нені ұнататнын және ұнамайтынын айтады. Мысалы: сурет салғанды ұнатады, кітап оқығанды ұнатпайды. Өрмекті жиып шығады. «Ақ парақ» жаттығуы. Ұжымда ауызбірлікпен жұмыс істеуге бағыттау. Мамандарды екі топқа бөліп, тапсырма беру(біздің тапсырма басталған суретті аяқтау, әр адам өз орнына келгенге дейін). «Мұғалім болу ...» жаттығуы (ситуациялық сұрақтар), сұрақ менен, жауап сізден... Әрбіріңіз осы мұғалім болудағы мақсаттарыңыз, бұл мамандықты не үшін таңдағандарыңызды осы фразаны жалғастыру арқылы бір сөзбен жеткізіңіздер. «Кедергіден өту» ойын-жаттығуы. Ойын мақсаты кездескен кедергіге мойымай өз-өзін қалыптастыру. Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Берілетін тапсырма кольцоны қол көмегінсіз денесінен өткізіп келесі адамға табыстау. «Бір бірімізді танығымыз келсе ...» жаттығуы. Мақсаты жаңадан келген жас мамандардың ұжымға сіңісіп, тез араласып кетуіне ықпал жасау. Өзін жақынырақ таныстыруға берілген сұрақтарға жауап. «Лабиринт» сенімділкті арттыру, бір-біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасындағы көшбасшыны анықтау. кері байланыс, қорытындылау.
https://zhurgenov-aitekebi.edu.kz/kz/psikh-l-g.html#sigFreeId1f7fb02a43
Темірбек Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің психологиялық қызметі бойынша оқушылармен жүргізілген жұмыстың
А Н Ы Қ Т А М А С Ы
Тақырыбы: «Із кесуші» психологиялық акция ойыны
Күні: 22.10.2022 ж
Акцияның мақсаты - қатысушылардың өміріне жаңадан жаңалықтар, түрлі сезімдер мен мәдени ақпараттарты жинақтау арқылы өмір сүру кеңістігін кеңейту. Бұл психологиялық «Із кесуші» акция балалардың сүйікті ойынына айналуының басты себебі дербес әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Қатысушылар: 5 класс оқушылары
Нұсқау: тапсырмалар 1 күн ішінде орындалады; Катаң ескерту! Сабақ үстінде тапсырмаларды орындауға болмайды.
Жүргізілу барысы: «Із кесуші» акциясын өткізу үшін бір ересек адам болса да жеткілікті. Ол үшін алдын-ала әр топқа сұрақтар мен жауаптарды жазуға арналған қаламдар мен плакаттар, әрбір топқа сұрақтар жазылған 1 бланка дайындалып беріледі. Тапсырманы орындауға уақытты белгілеп,шарттары түсіндіріледі.
Ойынға қойылатын регламентті ұйымдастырушының өзі тапсырманың көлемі мен күрделілігіне қарай реттеп отырады. Бұл ойынның уақыты қатысушылардың тәжірибелілігіне тікелей байланысты. Кейбір топ 15 минутта аяқтаса, кей топтардың жұмысы 4 сағатқа дейін жалғасады.
Ойынды ойнау барысында қатысушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру арқылы ерекше ынта жігерлері артады. Тіпті флегматик типіндегі баланың өзі сұрақтарға жауап іздеу арқылы атмосфераға тез еніп, ашылады. Бұл ойын арқылы мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас жасамайтын баланың өзін таңқаларлықтай өзгеріске ұшырауына септігін тигізеді.
Бұл акцияны орындау арқылы оқушыларымыз:
- Ұжымдық ортада өзін-өзі ұйымдастыру әрекетін үйренеді;
- Қарым-қатынас дағдылары дамиды;
- Мектеп командасымен бірлесе жұмыс жасауды игереді;
- Эмоционалдық жәй-күйін (тонус) көтереді;
- Әрбір қатысушыға жеке немесе топта психологиялық қолдау көрсету;
- Қоршаған әлемге деген көзқарасын дамытады;
https://zhurgenov-aitekebi.edu.kz/kz/psikh-l-g.html#sigFreeId9ce1ed6956
№ | Аты | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Психолог талдау жұмыс | |
2 | «Отбасы құндылығы_–_сарқылмас_қазына» | docx |
3 | Психологтың ата_аналармен_кездесуі | docx |