Буллинг - дегеніміз не? Буллинг (ағылшын тілінде bully - мазақтау, қорқыту - ұжымның, әсіресе мектеп ұжымының бір мүшесін агрессивті қудалау) құбылысы
Буллинг түрлері:
- Физикалық - қасақана дене мүшесіне зақым келтіру белгілерімен көрінеді (ұру, соғу, итеру, дене жарақатын салу).
- Мінез - құлықтық (іс - әрекеттік) - бұл оқушы туралы өсек айту, елемеу, ұжымда оқшаулау, бопсалау, қарсылық әрекеттер жасау (жеке заттарын ұрлайды, күнделік, дәптерлер бүлдіреді).
- Ауызша агрессия - бұл мысқыл, сөзбен, тіл тигізіп қорлау, әкіреңдеу немесе қатыгез сөздермен қорқыту.
- Кибербуллинг - термин біреуді қорлайтын сөздерді, жалған сөздерді пайдаланып айыптауды, смс, электрондық пошта, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жалған ақпаратты таратуды білдіреді.
Буллинг және жанжал - әр түрлі ұғымдар
- Жанжал - бұл әлеуметтік өмірдің табиғи және қалыпты бөлігі. Түрлі адамдардың мүдделері мен көзқарастары кездеседі. Дау - жанжал жағдайында диалог жүргізуге, ымыраға келуге, өз көзқарасыңызды қорғауға немесе басқаға баруға болады.
- Буллинг - бұл мүлдем басқа жағдай, бұл психологиялық зорлық - зомбылық түрі. Ренжіткіштер тіпті диалог жүргізуге және жағдайдың шешімін іздеуге тырыспайды.
Мектептегі буллингке қатысушыларының психологиялық портреті. Буллингте рөлдер бар:
Құрбан
Агрессор, лидер
Қатысушылар
(көшбасшыға қосылатындар)
Бақылаушылар
Буллингтің себебі болып табылады:
қызғаныш;
кек (құрбандар буллерлер қатарына өткен кезде: өзі сезінген ауырсыну мен азап шегу үшін жазасын беру);
жағымсыз сезім;
билік үшін күрес;
қарсыластан артықшылығын көрсету;
үнемі назарда болуға ұмтылу, керемет көріну;
таңқалдыруға ұмтылу;
қорлауға бейімділік, өзіне ұнамаған адамды қорқыту ниеті.
Кибербуллинг дегеніміз - біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформалары мен ұялы телефондарда орын ала алады. Бұл - қудалау нысанына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралауды көздейтін мақсатты мінез - құлық үлгісі.
Буллинг пен Кибербуллингте ортақ:
- Әлімжеттік көрсетіледі;
- Құрбан мен агрессор болады;
Буллинг пен Кибербуллингтің айырмашылығы:
Бақылаушы болмауы мүмкін;
Мұғалім немесе ата - ана бұл туралы білмеуі мүмкін.
Кибербуллингтің алдын алу үшін ата - аналар білуі тиіс сақтық шаралары
"Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата - анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады.
Әке - шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді.
Ойын жаттығуы «Тыйым»
Ата - аналар қараңыздар,кімнің орындығының артында геометриялық фигура - үшбұрыш табылса,сол адам ортаға шығады. Сіз - баласыз, мен - анамын. Мен өз баламның үсті кірлемеуіне, ауырып қалмауы үшін қатты қамқор боламын. Көшеде жүгіруге, көлшіктерде секіруге тыйым саламын (баланың аяғын лентамен н/ежіппен байлайды). Жердегі таяқшаларды алуға, тастар жинауға, аузына апаруға рұқсат етпеймін (қолын байлайды), сіздің ойыңызша көруге болмайды деп санаған нәрселерді қарауға тыйым саламын (көзін байлайды) және үлкендердің сөзін тыңдауға (құлағын байлайды), баламен сөйлескім келмеген жағдайда «аузыңды жапшы» деп айтамын - (аузын байлайды). Менің балама қараңыздаршы, ол осындай күйде өзінің қатарлас достарымен еркін түрде қарым - қатынас жасай алама? Жеке тұлға ретінде толыққанды дами алама?
Бұл әректтер мен сөздер балаға кері әсер етіп етіп,толық дамуына кедергі жасайды. Бірақ кез келген жағдайда шешім табуға болады. Маған көмектесіңіздер. Ата - аналар жағдаятты шешу жолдарын қарастырады.
- Аяғын байламай,резинке етік кигізу
- Қолын байламай,ойыннан кейін қолын жуу
- Көзін мен құлағын байламай,байыпты сөйлесу,ұрыспау
- Аузын байламай,баланы тындау.
Назарларыңызға рахмет!
https://zhurgenov-aitekebi.edu.kz/kz/psikh-l-g/2023-2024-ku-zhyly-3/13258-bulling-balany-alaj-or-ajmyz.html#sigFreeId7510d23a4a