Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.
Зорлық - зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Кіріспе. Қоғам үшін ең бастысы - тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі - заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық - адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау - конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық - зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол - жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар - жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық - зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан - жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
«Буллинг» тақырыбында презентациямен таныстыру
“Өз мәтініңді құра” жаттығуы
Мақсаты: оқушының ой болжауын дамыту
Нұсқау: қатысушы топтарға “зорлық - зомбылық” сөзіне синоним сөздер жазу ұсынылады. Осы жазылған сөздермен әр топ өз мәтінін құрастырады. Мәтін оқылып, әңгімесі талқыланады.
Талқылау: қатысушылардың ой - пікірлері тыңдалады (Уақыты: 7 мин.)
Видеоролик. Ойларымен бөлісу.
«Біз буллингке қарсымыз!» тақырыбында постер жасау. Әр топқа берілген қағаздарға тақырыпқа байланысты постер жасайды.
І топ: «Зорлық - зомбылықты қалай түсінесіңдер?»
ІІ топ: «Зорлық - зомбылықты болдырмас үшін не істеу керек?» тақырыптары бойынша жұмыс жасап, оны топпен қорғау.
Кері байланыс «Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.
1. Зорлық - зомбылық - ол…
2. Физикалық зорлық - зомбылық - ол…
3. Психологиялық - …
4. Экономикалық зорлық деген - …
5. Қорқыту - ол …
https://zhurgenov-aitekebi.edu.kz/kz/psikh-l-g/2023-2024-ku-zhyly-3/13259-biz-bullingke-arsymyz-d-gelek-stel.html#sigFreeId5b1b820c70