15 Сәу 2024
2023 - 2024 оқу жылы

«Жүректі жылытар мейірімділік»

ЕБҚЕ оқушылар және олардың ата - аналарына арналған коуч - семинар 

Мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы.
Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін - өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата - аналарды өздерінің балаларының жан - дүниесін түсінуге шақыру. Ата - аналарға қолдау көрсету.

1. Ұйымдастыру бөлімі.

«Ізбен кіру» жаттығуы

Мақсаты: қатысушы ата - аналар баласының қасиеттерін айта отырып ізбен кіреді.

Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар, оқушылар,әріптестер!

Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен коуч - семинарды бастаймыз. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі.

Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. 

Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет - өзіңіз, екінші рет - балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектебімізге келе беріңіздер демекпіз!

2. «Караоке»

Ортада жағымды ахуал қалыптастырып, көңілді көңіл күй сыйлау мақсатында караокемен ән айтуға шақырамыз.

Ән: «Аяулы анашым»

3. Ұсақ қол моторикасын дамытатын жаттығулар

4. «Иә», «Жоқ» тренингі

Нұсқау: Бөлме лентамен оң және сол бөлікке бөлінеді. Қатысушылар бір қатарда оң жағында тұрады. «Иә» оң жағы, «Жоқ» сол жағы. Жүргізуші «Иә» десе орындарында болады, «Жоқ» десе сол бөлікке секіріп ауысу қажет. « Иә», «Жоқ» жәй, жылдам айтылады.

«Сыйқырлы сурет» АРТ терапия

Мақсаты: Қатысушының зейін қоюын тұрақтандырып, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Жағымды көңіл - күй орнату.

Нұсқау: Алдарыңыздағы қағазға ыдыстағы түссіз сұйықтықпен сурет салыңыз. Кепкеннен кейін ыдыстағы сары сұйықтықпен бояп шығыңыз.

5. «Оркестор» жаттығуы. Оқушыларға әртүрлі аспаптар беріледі. Музыка қосылады. Сол музыканың ритімімен қолындағы аспапты қағып отырады.

6. Кофе брейк. (сұхбаттасу)

7. Кері байланыс

8. Ата - ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата - аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп - көп рахмет айтамыз!

Бала - ата - ана өмірінің жалғасы, адамның бауыр еті, жүрегі.

Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір - бірлеріңізге беріңіздер

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар