15 Сәу 2024
2023 - 2024 оқу жылы

«Тиімді қарым - қатынас жасау психотехникалары»

Күні: 17.11.2023 ж.

Тренингтің мақсаты: мұғалімдер арасындағы қарым- қатынасты нығайту,жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау,өзін еркін сезінуге көмектесу.

«Арал» тренингі

Мақсаты: жағымсыз көңіл-күйден арылып,өзін еркін сезінуге дағдыландыру.

Нұсқау: Ақ парақ пен қалам аламыз. Ақ парақты басымызға қойып ортасына үлкен дөңгелек арал саламыз. Аралдың оң жағына пальма,сол жағына кеме саламыз.Пальманың астына демалып жатқан өзіңізді саласыз.

Талқылау: Салған суретіңіз көңіліңізден шықты ма?

Тренинг барысында не сезіндіңіз?

Әріптестер өз ойларымен бөліседі.

В.Ф.Ряховскийдің «Қарым - қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» сауалнама

Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым - қатынас негізгі саты болғандықтан, мұғалімдердің кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістеме 16 сұрақтан тұрады. Әдістеме нұсқауы: «Сіздің алдыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар беріледі. Сіздің міндетіңіз тез және бірізді «иә», «жоқ», « кейде» деген нұсқауларға жауап қайтарыңыз. Әдістеменің бағалануы: «Иә» жауабына - 2 ұпай; «кейде» жауабына - 1 ұпай, « жоқ» жауабына- 0 ұпай беріледі.

1. Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді: осы кездесу сізді толғандыра ма?

2. Шараларда, жиналыстарда баяндама мен халық алдында сөз сөйлеу сізді мазасыздандыра ма?

3. Дәрігерге баруды, аяқғына дейін шегересіз бе?

4. Сізге ешқашан болмаған қалаға сапарға шығуды бұйырды, осы сапарға бармау үшін күш жұмсайсыз ба?

5. Өз бұйымыңызды біреумен бөліскенді ұнатасыз ба?

6. Даладағы бейтаныс адам сізден көшені көрсетуді сұраса, бұл сізді заландыра ма?

7. Сіз «әке және бала» мәселесіндегі және әр кезде адамдарға бірін-бірі түсіну қиынға түсетініне сенесіз бе?

8. Танысыңызға бірнеше ай бұрын алған ақшаңызды қайтар деуге ұяласыз ба?

9. Мейрамханада немесе асханада сізге нашар тағам ұсынды. Сіз үндемей асыңыздан бас тартасыз ба?

10. Таныс емес адаммен жалғыз қалғанда сіз бірінші сөз бастайсыз, ал егер ол бірінші сөйлессе сіз ыңғайсызданасыз ба?

11. Сізді кез келген ұзын кезекте тұру ашуыңызды туғызады ма?

12. Қақатығыстық жағдайларды шешу комиссиясының мүшесі болуға қорқасыз ба?

13. Сізде әдебиет, мәдениет, өнерді бағалауда индивидуалды критерийлеріңіз бар ма?

14. Топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша қате пікір айтылса үндемей қоюды қалайсыз ба?

15. Қызмет барысында біреудің сізден көмек сұрауы сізге ұнамай ма?

16. Ауызшадан қарағанда өз ойыңызды жазбаша жеткізу сізге оңайға түсе ме?

Алынған ұпайлар классификациялау деңгейі бойынша анықталып, әр зерттелінуші өз категориясына ие болады.

https://forms.gle/XpnmJbtbQxA39XtD6

Әдістеме классификаторы:

30-32 ұпай: Сіздің коммуникативтілік деңгейіңіз төмен, бұл сіздің ауыртпалығыңыз, өйткені бұдан  сіз ғана зардап шегесіз. Бірақта сіздің қоршаған ортаңызғада бұл оңайлыққа түспейді. Топтық жұмысты қажет ететін істе сізге сенудің қажеті жоқ. Өзіңізді қолда ұстауға және қарым - қатынасқа түсуге үйреніңіз.

25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, сөйлеуге бейім емессіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан да сізді қоршайтын адамдар өте аз. Жаңа жұмыс және жаңа байланыстар сізді мазасыздыққа әкеліп, өз қалпыңыздан көп уақытқа шығарады. Мұндай адамдар өзіне және қоршағандарға қанағаттанбайды. Осымен тоқтап қалмаңыз, бұл қасиеттерді жеңуге мүмкіндіктеріңіз бар. Кей сәттерде сізде толық коммуникативтілік пайда болады. Сондықтанда сізге сілкініс қажет.

19-24 ұпай: Сіз қарым - қатынасқа оңай түсесіз және жаңа жағдайларда өзіңізді толық сенімді ұстайсыз. Жаңа сәтсіздіктер сізді шошытпайды. Сонда да жаңа адамдар мен тіл табысуда біраз қиналасыз, пікірталастарда және қақтығыстық жағдайларда көп қатыспайсыз. Сіздің пікірлеріңізде кей уақытта сарказм көптігі байқалады. Бұл жетіспеушілікті түзету мүмкін.

14-18 ұпай: Сізде орташа коммуникативтілік. Сіз білім сүйгіш, қызықты тілдесіңізді тыңдауға бейім, қарым - қатынаста шыдамды, өз көз қарасыңызды ызаланусыз жеткізе аласыз. Таныс емес адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз, бірақта шулы топтарды ұнатпайсыз. Экстровагантты қимылдар және көп сөздер сізді тітіркенушілікке әкеледі. [28, б.46-47].

9-13 ұпай: Сіз қарым-қатынасты адамсыз. Әртүрлі сұрақтар бойынша пікір айтуға әзірсіз, кейде қоршаған адамдар ызаланулары да мүмкін. Зейін орталығында болуды ұнатасыз. орындай алмасаңызда ешкімнің сұраныстарына қарсылық білдірмейсіз. Тез ашуланып, тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін бірізділік, шыдамдылық және күрделі мәселелерді шешуде өжеттілік. Бірақ, айтқаныңыздан қайтпайтын сәттеріңізде болады.

4-8 ұпай: Сіз, өте өрен адамсыз. Қарым - қатынасқа түсушілігіңіз өте жоғары. Сіз үнемі бәрінен хабардарсыз. Сіз кез - келген пікірталастарға қатысасыз, бірақта қиын тақырыптар сізді мазасыздандырады. Кез - келген сұрақ бойынша жанама мәлімет білсеңізде, сөз аласыз. Кез - келген жерде өзіңізді қолайлы ұстайсыз. Кез-келген әрекетті сәтсіз аяқталса да қолыңызға аласыз. Сондықтанда әріптестеріңіз және басшыңыз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы жайт жайлы ойланыңыз.

3 және одан төмен ұпай:Сіздің коммуникативтілігіңіз ауру сипатқа ие. Сіз көп сөйлейсіз, өзіңізге мүлдем қатысы жоқ істерге араласасыз. Сіздің қоршауыңыздағы қақтығыстың қайнар көзі сіз болып табыласыз. Тез ренжисіз, ызаланғышсыз. Маңызды жұмыстар - сіз үшін емес. Адамдарға- жұмыста, үйде және барлық жерде сізбен күрделі. Сізге өзіңізбен және мінезіңізбен жұмыс жасау керек. Ең бастысы өзіңізде шыдамдылық пен белсенділікті, басқаларды сыйлай білуді тәрбиелеуіңіз қажет. 

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар