15 Сәу 2024
2023 - 2024 оқу жылы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл тәсілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы әңгіме жүргізу, тренинг жаттығулары

Күні: 17.01.2024 ж.

Мақсаты : сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы әңгіме жүргізу. Қатысушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

І. Ұйымдастырушылық кезең

«Танысу» жаттығуы 

Алдымен бір бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, Сары түс дауыс арқылы, Көк түс мимика арқылы бір бірімізбен амандасып алайық.

ІІ. Негізгі кезең

1.«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.

2. «Орнын тап» Қатысушылар орны ауысқан мақал-мәтелдерді дұрыс орналастыру керек.

Шенеуніктің жалаңдағаны – “жеймін” дегені

Депутат дегеніне мәз,Шенеунік жегеніне мәз.

Құлқын мен қалта тоймайды.

Жұртқа жетпеген ақша жымқыруға жетеді.

Дәмету де дерттің бір түрі.

Талапсыз талапкердің орнына теңгесі сөйлейді.

Ақшасы барда бөсті,Ақшасы жоқта – өшті.

Адамгершілік болмай,

Әділдік болмас.

Адамның ұяты бетінде ,

Адамгершілігі ниетінде.

Асыңа тойғызбасаң да,

Ақ ниетіңе тойғыз.

Кең болсаң, кем болмайсың.

Қолы ашықтың, жолы ашық.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

2.Ашық микрофон. Ұстаздар сыбайлас-жемқорлық туралы өздерінің өз ойларын айтады.

3.«Қораптағы доп» жаттығуы – қатысушылар белгіленген түстер арқылы топтарға бөлінеді. Қатысушыларға бір-бір таяқша беріледі. Ұжым болып, бір қолдың көмегімен жердегі шарларды жылдамдықпен корзинаға салу керек. Корзина белгілері бір арақашықтықта тұрады, міндетті түрде бір қолдың көмегімен ойнауы қажет.

4.Жаттығу: «Ұжымдық санамақ» /5 минут/

Мақсаты: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою,қарым-қатынасты реттеу

Шарты: шеңбер бойымен отырады, психолог әр түрлі сандар, мысалы: 3,4,5,6 деп айтады. Сол кезде, үш десе үш адам орынынан тұрады, егер төрт адам тұрса, ол қате болып саналады. Жаттығудың шарты қашан дұрыс жасалғанша жалғасады.

Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды?Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?

5. «Кім шапшаң» ойыны. Ойынға екі қатысушыдан шығады. Орындыққа отырып газетті аяқтарымен жинау керек.

6.«Допты тасымалда» жаттығуы топтар екіге бөлінеді. Бірінші топтың алдында шариктер толған қорап бар. Сол қораптағы шариктерді ілініп тұрған шелекпен қарама қарсы тұрған екінші топтың қорабына тасымалдау қажет.

7. Сауалнама.

Кері байланыс.

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар