15 Сәу 2024
2023 - 2024 оқу жылы

Тимбилдинг жаттығулары

Мақсаты: Сыныпаралық қарым - қатынасты нығайту, стрестің алдын алу , ұйымшылдыққа баулу. Бала бойында сабырлылықты, ұстамдылықты қалыптастыру.

І. Релаксация

ІІ. Сезіну жаттығуы

ІІІ. «Иә», «Жоқ» жаттығуы

Барысы:

Тренинг ережелері:

Сыйластық

Тыңдай білу

Белсенділік таныту

Төзімділік

Түсіністік қарым - қатынас

І. Релаксация «Тыныштық әлемінде».

Мақсаты: Бала бойында сабырлылықты, ұстамдылықты қалыптастыру.

Көзімізді жұмамыз. Денеміздегі қысымды жіберіп, денемізді бос қоямыз. Баршамыз жанға жайлы үлкен бір тыныштық әлемінде ұшып жүрміз. Керемет, өте тамаша, бұнда біз өзімізді өте еркін таңғажайып сезінеміз. Біздің барлық денеміз көзіміз, бетіміз, кірпігіміз, аяқ - қолымыз түгелдей дем алып жатыр. Мен осы әлемде еріп жұмсақ жылылыққа айналып бара жатқандаймын. Мен өзімнің жеңілдегенімді сезіп көгілдір мұхит үстінде ұшып барамын. Айнала өте әдемі. Алыстағы өте әдемі таулар, көгілдір мұхит, жасыл орман бәрі менің жанымда. Бұлттарға көтерілуге болады. Мен сол бұлттарға көтеріліп қуаныш сезімін сезініп тұрмын. Міне менің жүрегімде қуанғаннан алып - ұшып соғып тұр. Бұл менің бақытты кездегі қуанғанда соғатын жүрек қағысым. Тіпті тоқтар емес, тоқтай алар емес. Маған өте жайлы және қолайлы. Мен сабырлымын және керемет дем алып тыныштық әлемінде ұшып жүрмін. Барлық табиғат сайраған құс, жүгірген аң, жәндіктерде бәрі - бәрі менің сабырлы болғанымды қалап тұрғандай. Тыныштық әлемі өте тамаша, жайлы, қолайлы, керемет. Жайлап көзімізді ашып орнымызға қайтамыз.

ІІ.Сезіну жаттығуы. 

Мақсаты: бір - бірін сезініп, өз - ара байланысын нығайтып, шыдамдылыққа, сабырлыққа баулу.

Нұсқау: Оқушылар сұқ саусақтарымен қаламсаптарын тізбектей ұстап, шеңбер бойына орналасады. Жүргізушінің нұсқауымен тапсырманы бірге орындайды. Егер тапсырма барысында қаламсаптары түсіп кетсе, сол оқушы ойыннан шығып отырады.

ІІІ. «Иә», «Жоқ» жаттығуы

ІV. Ашық микрафон

Оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар